«Алғысым шексіз...»
01.03.2022
Көрулер: 1355
2022 жылдың 1 наурызында «Экономика» кафедрасы“Алғысым шексіз…” атты алғыс айту күніне орай іс-шарасын өткізді. Ең белсенді болған студент Тұрлымбет Шұғыла “Алғыс айту күні – Қазақстандық патриотизмның, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі,” – деп кураторлық сағатты бастады. Кейін сөз алған Мауленова Мөлдір алғыс айту күнінің тарихы, шығуы, пайда болуы туралы қысқаша айта кетті. Тақырыпты қорытындылау мақсатында, «Экономика» кафедрасының аға кураторы Тураров Д.Р. әрқашан да алғыс айтып жүру керектігінің маңыздылығын түсіндірді.






