«Экономика – ел тірегі»
Көрулер: 1222
25.11.2021. «Экономика» кафедрасы Экономист күніне орай арнайы «Экономика – ел тірегі» атты іс-шара өткізді. Қонақ ретінде 4 курс студенттері қатысты. Студенттер бірігіп, осы Экономист күніне орай презентация дайындап ұсынды және оны қорғап шықты. Эдвайзерлік сағатта студенттер осы тақырып жайлы Қазақстанның экономикасы туралы мәліметтер, еліміздің экономикасы қалай дамығаны жайлы, болашағы туралы да айтты.
Кейіннен студенттер арасында экономика тақырыбы аясында кішігірім викториналық-жарыс ұйымдастырылды. Студенттер 2 топқа «Білім» және «Стартап» бөлініп жарысты. Викторинада жеңген топ грамотамен мадақталды. Осы «Экономика – ел тірегі» тақырыбын қорытындылау үшін қонақ боылп келген 4 курс студенттері өздерінің ойларымен бөлісті. Экономист күні іс-шарасын қорытындылау мақсатында, «Экономика» кафедрасыныңаға кураторы Тураров Д.Р. өз ойын айта кетті.






