«Студент жетістігі – Университет жетістігі».

22.11.2021

Көрулер: 1202

22.11.2021. «Экономика» кафедрасы ҚазҰУ студенттерінің жетістіктеріне арналған «Студент жетістігі – Университет жетістігі» арнайы іс-шара өткізді. Студенттер бірігіп, осы ҚазҰУ университетінің аса бір ерекше жетістікке жетіп, елге танылып жүрген түлектеріне орай презентация дайындап ұсынды және оны қорғап шықты. Эдвайзерлік сағатта студенттер осы студенттердің өмір жолы, еңбектері және жетістіктері жайлы мәліметтерге қанық болды.«Студент жетістігі – Университет жетістігі» тақырыбын қорытындылау үшін барлығы өздерінің ойларымен бөлісті. Тақырыпты қорытындылау мақсатында, «Экономика» кафедрасының аға кураторыТураров Д.Р. өз ойымен бөлісті.