«Кітап – алтынқазына, 100 кітап»

11.11.2021

Көрулер: 1446

11.11.2021. «Экономика» кафедрасы «Кітап – алтынқазына, 100 кітап» іс-шарасына байланысты өздерінің оқыған кітаптары туралы талқылауға салды. Өз кітаптарын қорғағандар: Абай Ақерке, Тағабек Ұлдана, Саурықова Фариза. Олардың кітаптары «Қан мен тер», «Диуани хикмет», «Абай. Қара сөздері және таңдамалы өлеңдері». Тағабек Ұлдана Абайдың қара сөздері жайлы, оның таңдамалы өлеңдері жайлы баяндап берді. Абай Ақерке Әбдіжәміл Нүрпейісовтің «Қан мен тер» кітабының мазмұны жайлы, қорытыған түйіндісі жайлы айтып берді. Саурықова Фариза Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» еңбегін оқығаннан түйіп қорытқанын айтып берді. Осы 100 кітап тақырыбын қорытындылау үшін барлығы өздерінің кітап жайлы баяндаманы тыңдап, түйген қорытындыларымен бөлісті. Қорытындылай келе, «Экономика» кафедрасының аға кураторы Тураров Д.Р. өзі оқыған кітабы жайлы айтып берді.