«Ұлттық валюта күні»
15.11.2021
Көрулер: 1161
15.11.2021. «Экономика» кафедрасы «Ұлттық валюта күні» атты арнайы іс-шара өткізді. Студенттер бірігіп, осы Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай презентация дайындап ұсынды және оны қорғап шықты. Эдвайзерлік сағатта студенттер осы ерекше күн жайлы құнды мағлұматтар, ұлттық валютамыз қалай және қайда алғаш жасалғанын, қазіргі кездегі көрінісі жайлы айтты. Осы қорытындылау үшін барлығы өздерінің ойларымен бөлісті. Тақырыпты қорытындылау мақсатында, «Экономика» кафедрасының аға кураторы Тураров Д.Р. өз ойын айта кетті.






