Кафедра жаңалықтары

«Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа бағыттары»

10.12.2022

«Экономика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Ақылбекова Дана «Жасыл экономика – елдің инновациялық және тұрақты дамуының экономикалық моделі ретінде» атты мақаласымен (ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доцент Андабаева Г.К.), Наурызбаева Айгүл «Цифровые технологии в сфере сельского хозяйства в Республике Казахстан» атты мақаласымен (ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доцент Андабаева Г.К.) Астана қаласында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігімен ұйымдастырылған «Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ары қарай оқу >>

Айбар Қайнарұлы Олжаев - "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ бас менеджерімен кездесу

03.12.2022

2022 жылдың 14 қараша күні 14.00-де Айбар Қайнарұлы Олжаев - "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ бас менеджерімен кездесу өтті. Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламаларын жүзеге асыратын және экономиканың дамуын талқылап түсіндірді. Ұйымдастырушылар: Даулиева Г.Р., Кондыбаева С.К., Иляшова Г.К., Тураров Д.Р., 1 курс докторанттары.

Ары қарай оқу >>

Салауатты өмір салты

03.12.2022

2022 жылдың 11 қараша күні Экономика және бизнес Жоғары мектебі аға эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» жобасы аясында Студент жастардың темекі, алкоголизм және құмар ойындарға әуестігін алдын алу мақсатында педагог-психолог Амангелді Мейрамбекұлымен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

«Микроэкономика» пәні бойынша ұлттық пәндік олимпиада

26.11.2022

2022 жылдың 25 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Микроэкономика» пәні бойынша ұлттық пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру, сонымен қатар ғылыми іс-әрекетке деген қызығушылығын дамыту.

Ары қарай оқу >>

Аналитика және бизнес-процесстерді цифрландыру

19.11.2022

«Экономика» кафедрасы «Кәсіпкерлік» пәнінің шеңберінде қонақ дәріс ұйымдастырды. Спикер - Durham University түлегі, «Magnum Cash&Carry» ЖШС - нің Бизнес аналитика бөлімінің басшысы Сакен Кудияров.  Спикер барлығымыз білетін Beeline Kazakhstan, RG Brands, FirstBIT, Vodafone жұмыс істеген. Дәріс “Аналитика және бизнес-процесстерді цифрландыру” тақырыбында өтті. Дәріс барысында студенттер бизнес аналика жасау дағдысының, бизнес аналитикадағы эконометрикалық талдаудың және бағдарламалау әдістерінің маңыздылығы, тиімділікті арттырудағы цифрландырудың маңыздылығы туралы ақпаратты  «Magnum Cash&Carry» ЖШС кейсінде танысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.

Ары қарай оқу >>

Бизнес бастау жолы

19.11.2022

Жұмыс беруші мен кәсіпкердің Ерниязов Қ.Ш. қатысуымен «Бизнес бастау жолы» тақырыбында дәріс өтті. Бұл өте қызықты және әсерлі болды. ЭжБЖМ 1 курс студенттері «Кәсіпкерлік» курсы бойынша теориялық білімдерін спикер Қуанышбек Шынболатұлының практикалық дағдылары мен лайфхактары арқылы бекітті. Таңертеңгілік кездесудің ең көрнекті тұсы – "ерекше ұлт – Казгушники" сабақтастығы. Бүгінгі спикер ҚазҰУ-ның «Экономика» кафедрасының түлегі. Қонақ дәрісі нәтижелі болды, өйткені спикер өз тәжірибесінен мысалдар келтірді. Осылайша ол студенттерге шағын және орта бизнес мәселесі қашанда өзекті болатынын көрсетті.

Ары қарай оқу >>