7M03217 Интегративтік медиа білім беру

 

 

Білім беру бағдарламасы

7M03217 Интегративтік медиа білім беру

Білім саласы

7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

Дайындық бағыты

7M032 Журналистика және ақпарат

Білім беру бағдарламаларының тобы

M067 Журналистика және репортер ісі

Мақсаты

Медиа білім беру саласындағы ғылыми мәселелерді шешу үшін жоғары білікті магистрлерді дайындау, медиа педагогиканы оқыту, олардың ауқымды аудиториямен күнделікті қарым-қатынасы үшін жаңа және дәстүрлі медианы зерттеу.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқытудың нәтижесі

  1. Жаңа және дәстүрлі медианы зерттеу, олардың құндылығын тереңдету және мақсатты, әлеуетті және шынайы аудиториялар арасында педагогикалық және психологиялық технологиялар көмегімен медиа-білім беруді тарату.
  2. Сын тұрғысынан ойлауды пайымдаулар жүйесі ретінде қолдану және оны ақпарат пен деректерді философиялық талдауға, интерпретация жасауға, дидактикаға, сондай-ақ кейінгі объективті ғылыми тұжырымдар жасауға пайдалану.
  3. Дәстүрлі және жаңа медиа білім беру IT-технологияларын қолдана отырып, түйінді тұжырымдарды медиаға беру.
  4. Ақпараттық ағынды түсіне біліп, кіріс деректерін бағалау, «5W + H» базалық алгоритмі бойынша жаңалықтар ақпаратын тексеру әдістерін кеңейту, медиамәтіндерге өзіндік баға беру және басқаларды осыған қатыстыру.
  5. Қауымдастықтарды «медиаполистерге» айналдыруда медиа білім берудің коммуникативті делдалдары ретінде нарративтерді, фреймдерді, түсініктемелерді, фактчекингті, медиасынды қолдану.
  6. Суреттермен, мәтіндермен, дыбыспен және деректермен жұмыс істей отырып, әртүрлі медиатәжірибе арқылы идеяларды білдіріп, мәселелерді шеше отырып, әртүрлі мақсаттағы медиамазмұнның әр түрлі типтерін қалай жасауға болатындығын және араласудың әлеуметтік және мәдени салдарын зерттей алатындығын халықаралық ұйымдардың ұсыныстары негізінде ұсына білу.
  7. Кез-келген күрделі, әлеуметтік жауапкершілікті медиалық практикамен дербес талдау және бағалау жұмысына қабілеттілікті дамыту, жалған ақпарат таратуға қарсы тұру, орыс, ағылшын және басқа тілдерде кең өрісті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
  8. Философиялық білімді, педагогиканы қатыстыра отырып, проблемаларды анықтау, жағдайды нақтылау, мәселені жан-жақты зерттеу үшін дәлелдемелер жүргізіп, шешімдерді бағалау мен ғылыми зерттеулердегі ақпарат көздерінің сенімділігі критерийлерін талдап жасау.
  9. Алынған ғылыми нәтижелерге сүйене отырып, деректерді тексеру қағидаттарын ашу, цифрлық ортада медиарефлексияны жүзеге асыру, қазақстандық медиабілімнің ашықтығы үшін медиа сын деңгейін қолдау, медиаменеджментті пайдалану.
  10. Аппараттық, бағдарламалық жасақтаманы және желілік жасақтаманы қолдана отырып, әр түрлі медиалық платформалар үшін заманауи медиамәтіндерді құру қағидаттарын ұстану.
  11. Ғылыми дәйекті ақпаратты қолдана, классикалық және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, аудиториямен нақты, тиімді және кәсіби коммуникация орнату.
  12. Мектепте, колледжде, жоо-да медиа білім беруді медианың,   педагогиканың, жаңа сандық технологиялардың интегративті тәжірибесін қолдана отырып, ана тілінде және шетел тілінде оқыту.

Талапкерлерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/2111

Академиялық қызметі

 

Ғылыми қызметі

 

Халықаралық қызметі

 

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)