7M03203 Халықаралық журналистика

 

Білім беру бағдарламасы

7M03203 Халықаралық журналистика

Білім саласы

7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

Дайындық бағыты

7M032 Журналистика және ақпарат

Білім беру бағдарламаларының тобы

M067 Журналистика және репортер ісі

Мақсаты

Саяси, экономикалық, әлеуметтік және коммерциялық мазмұндағы халықаралық ақпараттарды іріктеу, талдау және өңдеу үшін студенттер құзыреттілігін қалыптастыру; көпарналы қарым-қатынас формалары негізінде халықаралық өмір оқиғаларына талдау жасау және түсіндіру; БАҚ арқылы халықаралық коммуникациялар саласындағы жаңа білімдерді меңгеру. Халықаралық журналистиканы шетелдік және әлемдік БАҚ типологиясы, интернет-журналистика, желілік блоггинг, жарияланымдардағы халықаралық өмірдің өзекті тақырыптарын, проблемаларын таңдау, ақпарат жинау әдісі, оны әрі қарай тексеру және талдау бойынша тұрақты тәжірибе арқылы Қазақстанда   және журналистердің, тілшілердің, редакторлар мен продюсерлердің, халықаралық ұйымдар мен консулдық мекемелердің ақпараттық бөлімшелері қызметкерлерінің халықаралық нарығында жұмыс істеу үшін оқытып-үйрету.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқытудың нәтижесі

  1. Түрі мен формасы бойынша әлемдік журналистиканы саралау, халықаралық тақырыптағы медиаөнім жасау. Халықаралық журналистиканың миссиясын белгілеу, сөз бостандығына, БАҚ тәуелсіздігін және халықаралық журналистің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын сақтау, БАҚ функцияларын тиімді орында, мамандықтың әдістерін, құралдарын және бағыттарын тану.
  2. Шетелдік журналистика дамуының негізгі кезеңдері мен үдерістерін сипаттау, даму тарихы мен заңдылықтарын, оның ең жақсы үлгілерін, шетелдік журналистика тәжірибесін заманауи әлемдік және қазақстандық БАҚ тәжірибесіне бейімдеу.
  3. Редакция жұмысын өндірістік-техникалық құрылымдар ретінде құру, баспа журналистикасының техникалық құралдарын меңгеру, басылымдардың әртүрлі типтерін шығару ерекшеліктерін, сондай-ақ баспа БАҚ типологиясын түсіну, мазмұнға және жаңа медиа-технологияларға сәйкес бұқаралық ақпаратты жинау, өңдеу мен қайта жариялау үдерісінде әрекет ету.
  4. Әртүрлі салаларда (баспа БАҚ, радио, теледидар, жаңа медиа), медиа-индустрияның баға саясатында медиаэкономика мен медиажоспарлау қағидаттары мен құралдарын қолдану; жаһандық ақпараттық нарық құрылымы мен ерекшеліктерін түсіндіру және талдау.
  5. Жаңа технологияларды тәжіирбеге бейімдеу, мультимедиалық, интерактивті ортада бұқаралық ақпаратпен жұмыс істеу әдісін меңгеру, гипермәтінді құру, өзектілік, тиімділік,   мультитұғырнамалық талаптарына сәйкес веб-жарияланым мазмұнын қалыптастыру.
  6. Қазіргі заманғы шетелдік БАҚ дамуының негізгі үрдістерін түсінуді көрсету, дата-жобаларда, мультимедиялық жобаларда жұмыс істеу негіздерін меңгеру.
  7. Заманауи қоғамның әртүрлі мәселелерін анықтау, айқындау және талдау, себеп-салдарлық қатынастар мен байланыстарды орнату, оларды шешудегі әлемдік журналистиканың рөлін бағалау, халықаралық БАҚ үшін ақпараттық контекст қалыптастыру дағдыларына ие болу.
  8. Отандық және шетелдік БАҚ жұмысын реттейтін құқықтық нормаларды кәсіптік қызметте басшылыққа алу, сайлау алдындағы кезеңдегі отандық және шетелдік БАҚ қызметінің құқықтық қырларына бағдар жасау,   бұқаралық ақпарат құралдарын құқықтық реттеу мәселелеріне байланысты типтік міндеттерді шешу, мақсаттарға жету үшін өз пікірін еркін білдіруде құқықты пайдалану.
  9. Халықаралық және отандық БАҚ тиімділігін қоғамдық пікірге әсер ету деңгейіне қатысты бағалау, бұқаралық ақпаратты тұтыну мен өндірудегі аудитория рөлінің қазіргі заманғы түсінігінің негізге алынатынын көрсету,   аудиторияны зерттеу әдістерін білу, БАҚ жұмысындағы қоғамның қатысының әлеуметтік мәнін, қоғамдық пікірдің табиғаты мен рөлін түсіну, оны зерттеудің негізгі әдістерін білу, әлеуметтік желілерде олармен әрекеттесудің тиімді формаларын қолдану, оның формаларын, ерекшеліктерін түсіну, журналистiк және редакциялық қызметтiң тиiмдiлiгiн арттыру үшін әлеуметтiк желiлердiң типологиясын және олармен жұмыстың әдістемесін білу, БАҚ материалдарын әлеуметтанушылық зерттеу әдiстерiн игеру.
  10. Кәсіби қызметте журналистік этикаға қатысты негізгі қазақстандық және халықаралық құжаттарға сүйену, кәсіби журналистік қызметпен байланысты моральдық-этикалық түйткілдер мен құқық бұзушылықтар себептерін түсіну, ғылыми және ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын қолдану.
  11. Кәсіби қызметке жаңа коммуникациялық және сандық технологияларды бейімдеу, ҚР халықаралық және және сыртқы саяси қызметін ақпараттық қамтамасыз ету үшін кіріктірілген коммуникацияларды қолдану.
  12. Қазіргі заманғы қоғам құрылымын қалыптастыру және әлеуметтік институттардың жұмыс істеу үдерісіндегі шетелдік БАҚ рөлін түсіну және түсіндіру; БАҚ типіне байланысты халықаралық оқиғаларды көрсету, массмедиа үшін әртүрлі белгілік жүйелерді (ауызша, фото, аудио, бейне, графикалық) қолдана отырып, белгілі бір жанрларда, форматтарда материалдар жазу.

Талапкерлерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1392

Академиялық қызметі

 

Ғылыми қызметі

 

Халықаралық қызметі

  1. Вайоминг унверситеті (АҚШ);
  2.  Огайо университеті(АҚШ);
  3. Оклахома университеті(АҚШ);
  4. Колумбия университеті (АҚШ);
  5. Аризона университеті (АҚШ);
  6. Дюк университеті (АҚШ);
  7. Лестер университеті (АҚШ);
  8. Стамбул мемлекеттікуниверситеті (Түркия);
  9. Санкт-Петербург мемлекеттікуниверситеті (Ресей);
  10. А. Мицкевич ат. университет (Польша);
  11. Халықаралық журналистика университеті (АҚШ);
  12. Пенза федералдықуниверситеті (Ресей);
  13. Теледидаржәнерадиохабарқызметкерлерініңбіліктілігінарттыру институты (Ресей);
  14. ЕуразияХалықаралықтеледидаржәне радио академиясы;
  15. М.Ұлықбекат. Ташкент мемлекеттікуниверситеті (Өзбекстан).

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)