2022 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған: «Республика күні - еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты –Қазақстан тарихы жолында елеулі орын алатын “Республика Күні” мерекесімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстан дамуының негізгі кезеңдері, біртұтас және егемен республикаға
айналу жолын талқылау болды.
Дөңгелек үстелге профессор-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар, студенттер шақырылды.
Дөңгелек үстелдің модераторы халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., доцент Сайрамбаева Ж.Т. және ұйымдастырушысы PhD докторы, доцент Баймағамбетова З.М. Дөңгелек үстел қатысушыларына халықаралық қатынастар факультетінің деканы PhD докторы, доцент Жекенов Думан Курмангазиевич құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық мерекенің атап өтілуінің маңыздылығын атап өтті.
Шақырылған қонақтар – заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Сабикенов Салахиден Нурсариевич сөз сөйлеуі үлкен қызығушылық тудырды. Ол өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісіп, Республика күні мерекесінің мән-маңызы, еліміздің тәуелсіздік жылдардағы негізгі жетістіктері, қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, «G-global» орталығының директоры Шакиров Каримжан Нурумович, заң ғылымдарының докторы, профессор Айдарбаев Сағынғали Жоламанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Самалдыков Максут Кушекович қоғамдағы және мемлекеттегі өзекті саяси-құқықтық оқиғалар мәнмәтініндегі Қазақстанның құқықтық жүйесінің құқықтық аспектілерін талқылап, содай-ақ Қазақстанның мүдделерін халықаралық аренада ілгерілету қажеттігін атап өтті.