"ҚР БП ҚСжАЕК ақпараттық жүйелері" тақырыбында семинар
16.06.2023Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасының студенттері арасында "ҚР БП ҚСжАЕК ақпараттық жүйелері" тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара барысында Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің функционалы мен мүмкіндіктері көрсетілді, оған сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себептері, олар бойынша қабылданған іс жүргізу шешімдері, жүргізілген іс-қимылдар, қылмыстық іс жүргізу қозғалысы, қылмыстық процеске өтініш берушілер мен қатысушылар туралы мәліметтер енгізіледі.







