1 мамыр – Қазақстан Халқының Бірлігі күні

29.04.2021

Көрулер: 2293

"Айналаңды нұрландыр" жобасын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Экономика мамандығының 2 курс студенттері және куратор Андабаева Г.К. "1 мамыр – Қазақстан Халқының Бірлігі күні" тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдегі бейбіт өмір үшін аса қажетті достық, түсіністік және келісім мерекесі. Қазақстанның үлкен отбасына қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, немістер, кәрістер, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлар, еврейлер, армяндар, грузиндер және тағы басқалар кіреді. Бұл халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында бірге олар – бір тату халық. Бұл Мамыр мерекесінің мәні.