1 наурыз - Алғыс айту күні - мейірімділік пен достықтың жарқын мерекесі

1-нау-21

Көрулер: 1846

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Экономика» мамандығының 2 курс студенттері және куратор Андабаева Г.К. «1 наурыз - Алғыс айту күні - мейірімділік пен достықтың жарқын мерекесі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Алғыс айту күнінің мақсаты - көпұлтты Қазақстанның ортақ тарих негізінде бірлігін сақтау және дамыту, қазақтар мен барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға қолдау көрсетуінің арқасында туындаған бірлескен қиындықтарды еске түсіру.