«100 кітап» жобасы аясында

14.11.2020

Көрулер: 1742

«Экономика мамандығының» 2 курс студенттері ҚазҰУ-дың әлеуметтік «100 кітап» жобасы аясында ұйымдастырған іс-шара Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» кітабына арналды. Мақсаты: бүкіл шығарманың идеялық түйінін түсіну, яғни, 20 ғасырдағы халықтың азаттық жолындағы күресі мен жеңісінің табиғи жолының көркем бейнелеуіне назар аударып, өмірдегі ащы шындыққа көз жеткізіп, өмірді тереңірек тану.