Үш бәйтерек

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіндегі  «Көкжиек» ғылыми –шығармашылық клубының ұйымдастыруымен «Үш бәйтерек» атты әдеби танымдық кеш өтті. 1938 жылы 26 ақпанда қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин  Алматы облысы маңындағы Жаңалық ауылында жендеттер қолынан қаза тапқан еді. Кешке осы тұлғалардың рухына тағзым еткен ҚазҰУ-дың филология факультетінің студенттері, әдебиетші ұстаз  Шоқан Шортанбаев, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Жас қалам» клубы қатысты. 

 

Кештің құрметті  қонағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы, әдебиетші-ғалым Күләш Ахметова болды.

 

Кеш тізгінін 2 курс студенттері  Мырзатхан Таңжира және Аида Қарсыбайқызы ұстады. 1 курс студенттері Гүлім Құмарбекова, Еңлік Жұмаш, Әлия Жалғасова  қаламгерлер жөнінде баяндама жасады. 2 курс студенттері Ернар Сабыржан мен Батыл Жанболат, Аймереке Қуанбекқызы,  Айғаным Қоңырбайқызы, Аружан Қалибек ақын өлеңдерін ерекше шабытпен оқыды. Сондай-ақ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері Айнара Еркін, Аружан Бейбіт, Аружан Досымбек, Гаухар Аманбек, Жадыра Махамбетова, Балнұр Балтабайқызы т.б. кешке белсене қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Жас қалам» әдеби клубының студенттері де кешке өз үлестерін қосты.Белгілі әдебиетші, сәкентанушы ғалым  Ахметова Күләш апай үш қаламгердің заманы мен сол тұстағы әдеби үдеріс жөнінде  ой-пікірлерімен бөлісіп, жастарға ой саларлық сабақ боларлық әңгімесін арнады. Көзі ашық, көкірегі ояу әр жас бұл кештен рухани сабақ алды деген үміттеміз.

 

Басылым күні :  02.03.2021