Олжас Сулейменовтың шығармашылығына арналған әдеби кеш

2021 жылы 19 мамыр күні сағ. 15.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының "Көкжиек" және "Tarzhiman" клубтары және «5В020700 – Аударма ісі» мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Кеште қазақтың біртуар азаматы Олжас Сүлейменовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы студенттер презентация көрсетті, ақынның өлеңдерін және олардың аудармаларын оқыды. Сонымен қатар 4 курс студенттері өздерінің ақын өлеңдеріне жасаған ағылшын, өзбек тілдеріне аудармаларын ортаға салды. Кеш әдебиет сүйер қауымның көңілінен шықты.

Басылым күні :  24.05.2021