«Бағдарлы тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология»

25.02.2023

Көрулер: 617

2023 жылдың 20-25 ақпанында Назарбаев Университеті мен Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеттері Қазақ тілі оқытушылары халықаралық бірлестігінің «Бағдарлы тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология» атты халықаралық семинарының алғашқы оффлайн апталығын Астанада Назарбаев Университетінде өткізді. Семинар барысында қазақ тілін практикалық, кәсіби мақсатта оқытудың өзекті мәселелері, қазақ тілін оқытудың, тілдік біліктілікті бағалаудың тиімді әдістері, салалық терминдердің қолданысы туралы отандық және шетелдік мамандардың ғылыми-әдістемелік баяндамалары тыңдалды. Сұрақ-жауап сессиясында әріптестер өзара тиімді сұхбат жүргізді. Оффлайн апталықтың соңғы күнінде Бірлестік президентінің бесжылдық есебі тыңдалып, алдағы 3 жылға Бірлестіктің жаңа Президенті сайланды. Сонымен қатар Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі қатарына жаңа мүшелер қабылданып, арнайы куәлік табыстау рәсімі өтті. Алдағы аптада Бірлестік өз жұмысын онлайн жалғастырады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

А.Байтұрсынұлы ат. қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к,

«Лингвоарна» ғылыми-зерттеу және оқу-әдістеме орталығының директоры

Қарабаева Ханшайым Әбдутәліпқызы