ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - ҰЛТ ҚОРҒАНЫ

30-қар-22

Көрулер: 533

2022 жылдың 30 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің No17 жатақханасында«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» тақырыбында кеш ұйымдастырылды. Бұл шараға қазақ филологиясы мамандығы бойынша оқитын 303, 304 топ студенттері қатысты.

   Кештің мақсаты: ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, қазіргі жастардың бойындағы ұлтжандылық рухты ояту және ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты білімін дамыту.

Кешті 303- топ студенттері Құмарбекова Гүлім мен Құдайберген Аяжан тартымды ұйымдастыра білді. Сыңғырлаған үнімен әнші қызымыз Махамбетова Фариза ұлттық тәрбие мен патриоттық тақырыптағы әндерін әсерлі жеткізе білді. Кеш барысында ұлттық тәрбие мен ұлттың өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарына қатысты пікір алмасулар болып, арнау өлеңдер оқылды, тақырыпқа қатысты баяндама жасалды.

     Кеште 2 курс студенттері Ағыбай Нұрсұлтан мен Дия Нұрай өздерінің қонақ кәдесі ретінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі музыкалық шығармаларын тарту етті.

       304-топ студенті Тимурова Адина дайындаған викториналық сұрақтар ұмыт болып бара жатқан салт - дәстүрлерімізді қайта еске түсіріп, ұлттық құндылықтарымызды бағалау керектігін назарға салды. Сондай-ақ Тұрсын Жансаяның «Дархан дала» әнімен халқымыздың ұлттық рухы бір серпілгендей күй кештік. Сейтжаппар Ақтілектің дайындаған әні де іс-шараға қатысушы қауымның бойында патриоттық сезімді одан әрі оятып, жүректі тебіренте білді. Кеш соңында топ эдвайзер - кураторлары Р.Н. Дәрменқұлова мен Г.Ж. Өтемісова өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұлттық код пен тәрбиенің маңызын айтып, халқымыздың әдет – ғұрыптары мен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрбір Қазақстан азаматтарының азаматтық борышы екенін тұжырымды оймен жеткізе білді. Кештің тәрбиелік мәні зор болды әрі өте жоғары деңгейде өтті.