ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

20.03.2021

Көрулер: 2027

     Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені белгілі. Бұл мереке жер жүзінің жаңарған, ақтың молайған, жақсылықтың артқан шағында, негізінен адамдардың көрісуінен басталған. Наурыз мейрамында халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеу, салт-дәстүрімізді көпке үлгі ету мақсат етіледі.

Осыған орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ филологиясы мамандығының 102-топ студенттері «ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗІ» атты тақырыпта мерекелік кеш өткізді. Мерекелік кеште ән орындалып, домбыра мен қобызда күй тартылды. Студенттер арасында викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Наурыз мерекесіне арналған өлең-жырлар оқылды.

Кешті Қоңырбайқызы Айғаным, Избасханова Разия, Жанызакова Эльмира, Жанболат Батыл, Қайшымбек Бақнұр дайындаған «НАУРЫЗ-КӨКТЕМ» атты ЭСТАФЕТАМЕН әсерлене түсті.

Кеш соңында студенттердің ата-аналары Қалқаев Еркінбек Нұрахметұлы, Молдашова Урия Ұзакбайқызы Наурыз мерекесімен құттықтап, ұстаздар мен студенттерге алғысын білдірді. Сонымен қатар мерекелік кешке С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің тілдер кафедрасының доценті Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы, қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Саткенова Жайна Бағашарқызы және кафедра оқытушылары қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Төңкер Айсұлу жоғары дәрежеде өткізілген кеш үшін студенттерге алғысын білдіріп, кеш қонақтарын мерекемен құттықтады.

 

Мерекелік кешті ұйымдастырушылар: ҚФ102-топ студенттері, куратор-эдвайзері, ф.ғ.к., доцент м.а. Дәрменқұлова Рая Нұрсұлтанқызы