АНА - БАРЛЫҚ КӨРКЕМДІКТІҢ ҮЛГІСІ

06.03.2021

Көрулер: 1604

Көктемнің шуақты күні бастала салысымен мейрамдар легін ашатын            8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі. Ана – өмірдің шуағы, көңілдің көктемі, ана – күн мен аспан, ана – гүлдердің нәзіктігі, ана – таңғажайып сөздердің жылуы, ана – әр үйдің қуанышты күндері, ғажайып, махаббаттың нұры! Дәл осындай әсерлі, көркем сөздердің иесі аналар үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетіннің ҚФ 101,102,103 - топтары 2021 жылдың 6-наурызында Халықаралық әйелдер күніне арналған «АНА – БАРЛЫҚ КӨРКЕМДІКТІҢ ҮЛГІСІ» атты әсерлі әдеби-музыкалық, мерекелік кеш өткізді. Кеш әсем-сазды әуендер, аналарға деген зор ықыласпен орындалған күйлер мен жан тебірентер арнау өлең жолдарымен ерекшеленді.

Кеш барысында қазақ өнерінің сан қыры көрініс тапты. Нұрғали Мөлдір ән пернесін әуездетіп ана туралы ән шырқаса, Нарзулла Назерке қобыз тартып, Батыл Жанболат күй шертті. Тұрсынбай Зухра, Құдайберген Аяжан, Асқарова Алуа сынды арулар аналарға деген өз арнауларын көңіл толқыта, мәнерлеп оқып берді. Исенбай Мадина әлемдегі батыр аналарға қатысты тың мәліметтер мен құнды ақпараттарға негізделген бейнекөрсетілім көрсетіп, қошеметке бөленді. Барлық студенттер «Ана» туралы жыр жолдарын мәнеріне келтіріп орындап, көрерменнің көңілін көтерді.

Кеш қонақтары мерекелік кештен ерекше әсер алғандарын тарқатып айтып, тілектерін білдірді.

Мерекелік кешті ұйымдастырушылар ҚФ102,101,103- топтарының куратор-эдвайзерлері: Р.Н. Дәрменқұлова, Н.Ж. Егізбаева, Г.Ж. Өтемісова