Ғылымдағы ғұмыр

04.11.2020

Көрулер: 1333

 

04 қараша, 2020, сағат 12:00-де ZOOM платформасында филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, Гүлдархан Нұрғазықызы Смағұлованың 70 жылдық мерейтойына орай «Ғылымдағы ғұмыр» тақырыбында қазақ филологиясы мамандығы 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен ашық куратор сағаты өтті. Бұл күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен оқытушылары байланысқа шықты. Кездесу кезінде профессор Гүлдархан Нұрғазықызына сұрақтар қойылды. Дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали қатысып, ән орындады. Кездесуге қатысқан Гүлдархан Нұрғазықызының әріптестері А.Аширова, С.Иманқұлова, Ж.Саткеновалар жылы лебіздерін білдіріп, мерейтойы иесін құттықтады.

Кешті ұйымдастырушы: Қазақ тіл білімі кафедрасының профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты Құралай Төлегенқызы Мұхамади