Soft және hard skills, Жаңа, бәсекелі замандағы тіл маманының маңыздылығы

16.10.2020

Көрулер: 1483

 

16.10.2020 сағат 15:00 де қазақ филологиясы мамандығының 4 курс студенттері және 1 курс студенттерімен ағылшын тілде «Soft және hard skills, Жаңа, бәсекелі замандағы тіл маманының маңыздылығы» атты онлайн ашық кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сабағымыз ZOOM платформасы арқылы, филология және әлем тілдері факультетіміздің оқытушылары мен студенттердің қатысуымен болды. Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде, оның әрбір азаматтарының Отанымыздың көркеюіне қосқан үлесі, әсіресе қазіргі уақытта онлайн форматтағы оқу, яғни шет тілдерін үйрену, басқа мемлекеттердің өнер және мәдениет салаларымен танысудың қол жетімділігі туралы сөз қозғалды.

Табысы жоғары және нәтижелі көрсеткіштер алуда ыңғайлы жұмыс іздеу, оған қажетті курстарға қатысу тиімді болып тұр. Ашық кураторлық сабағымызда осы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, таргетолог, СММ мамандары, сату менеджерлерінің тиімді жақтарын, жұмыс істеу барысында тілдің маңыздылығын аңғардық. Сабақ өте қызықты өтті, студенттердің белсенділігі, жоғарғы деңгейдегі дайындығы қуантты. Болашақ жастардың қолында демекші, мақсаттары жоғары, талаптары мол жастардан күтер үмітіміз көптігі дәлелденді. Осындай кураторлық ашық сабақтардың студенттер үшін онлайн болса да тиер пайдасы кем емес, сондықтан да мұндай сабақтардың мейлінше көп болғанын қадағалаған жөн.

Куратор-эдвайзер ф.ғ.к., доцент Аширова А.Т.