Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар, докторанттар!

05.10.2019

Көрулер: 1830

2019 жылы 4-5 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен бірлескен «Медиасауатттылық» тақырыбындағы жоба аясында Әл-Фараби кітапханасында (409 мәжіліс залы) өткізілгелі отырған «Медиа және ақпараттық сауаттылық» атты халықаралық  конференция және семинар-тренинг өтті.

Конференцияның негізгі міндеттеріне сай Қазақстан өңірлерінің журналистика факультеті мен кафедраларының оқытушылары, ғалымдары мен студенттері сандық ортадағы еркіндік пен жауапкершіліктің, медиаэкология мен медиабілім берудің өзекті мәселелерін талқылайды. Сандық индустрияда жұмыс істейтін кәсіби мамандардың шеберлік сыныптары өтеді. Сондай-ақ, медиасауаттылық дағдыларын үйреніп, студенттер арасында өз дәрістері мен семинарларында ақпаратты одан әрі тарату үшін өздерінің кәсіби  деңгейін арттыра алады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультеті және Қазақстандағы АҚШ Елшілігі.

Ибраева Ғалия Жүнісқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы, 8 701 222 77 72, galiya.ibrayeva@gmail.com

Мысаева Қарлыға Нақысбекқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі деканның орынбасары, 8701 325 72 74, myssayeva.kn@gmail.com