ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 20-дан астам түлегі БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматыдағы өкілдігінің бірлескен жобаларына тартылады.

22.01.2024

Көрулер: 170

ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің 20-дан астам түлегі тұрақты дамудың 17 мақсаты аясындағы жобалар бойынша Алматыдағы UN Plaza-да жұмыс істейтін болады. Жобалар бойынша жұмыс ҚазҰУ мен БҰҰ арасындағы меморандум негізінде жүзеге асырылуда. Оның үстіне, 2011 жылдан бастап Университет UNAI академиялық ықпал ету бағдарламасы бойынша БҰҰ жаһандық орталығы болып келеді. UN Plaza-дағы жұмысты жалпы үйлестірумен Алматы қаласындағы Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек айналысатын болады.


Бастапқы кездесу барысында Властимил Самек шараға қатысушыларды университеттің 90-жылдығымен құттықтап, ҚазҰУ-дың академиялық ықпал арқылы тұрақты дамудың 17 мақсатының барлығын іске асыруға ат салысатын хаб ретіндегі және Орталық Азия аймағындағы бетке ұстар университет ретінде ғана емес, әлемдік деңгейдегі дамудың қозғалтқыш күші ретіндегі ролін атап өтті.
​Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Лейла Деловарова БҰҰ агенттіктерімен ынтымақтастық факультет қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылатындығын атай келе, тұрақты даму мен ұйымның негізгі идеяларын халықаралық қатынастарды оқитын студенттер мен жаса ғалымдар арасында тарату мақсатында аталған ынтымақтастықтың маңызына ерекше тоқталып өтті.
🇺🇳 Факультет түлектеріне үлкен үміт артылып, осы бітірудің мерейтойлық екендігін ескере отырып, аталған жас мамандар дипломаттардың жаңа буыны ретінде қақтығыстарды реттеу мен алдын алуға, орта мерзімдегі перспективада сыртқы саясатта жаңа бағыттарды дамытуға инновациялық көзқарас енгізе алатындығына сенім бар екендігін айтқан болатын. Бұл жобалар адам құқықтары, тұрақты даму, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның ролі секілді аспектілерді қамтитын болады.