Бакалавриат

 

6В03104 – Халықаралық қатынастар (оқу мерзімі 4 жыл)  

Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы халықаралық қатынастар саласындағы шет тілін меңгерген Қазақстан Республикасының сыртқы саяси, мекемелері ғылыми-талдау мекемелерінің қызметкері сарапшы, талдаушы, кеңесші, сыртқы саясатты бақылаушы, аудармашы (аудармашы-референт) кәсіби функцияларын орындауға қабілетті білікті қызметкерлерді даярлауға арналған. 

 

Біздің түлектер:

Сыртқы істер министрлігінде

Біріккен Ұлттар Ұйымында

ЮНЕСКОда

Трансұлттық корпорацияларда

Дүниежүзілік банкінде

Әлемдегі Қазақстан Республикасының Елшіліктерінде

Шетелдік компаниялар мен бірлескен кәсіпорындарда

Екінші деңгейдегі банктерде қызмет атқарады.

 

 

6B03105 –Аймақтану(оқу мерзімі 4 жыл)

Бiлiм беру мекемелерiнiң түлектерiне еңбек нарығындағы сұраныс білім беру тиімділігінің маңызды көрсеткiштерi болып табылады. Аймақтық және республикалық деңгейдегi потенциалды түлектердi тұтынушылармен тығыз қарым-қатынастар орнатылған. Халықаралық қатынастар саласындағы мамандарға мемлекеттiк құрылымдар, ҚР басқармасы мен мемлекеттiк билiк органдары, шет елдердегi Қазақстан өкiлеттiгi, халықаралық институттар мен ұйымдар, халықаралық қатынастар мәселелерiмен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық байланыстар ұстанатын немесе халықаралық мәселелермен айналысатын бизнес-құрылымдар, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдар мұқтаж.

Бағалаудың критерийлерін әзірлеуде және берiлген ОБ-ның құзыреттілігін жинақтау кезінде жоғары оқу орындарының түлектеріне қазіргі жұмыс берушінің талаптарын сараптау ескерiледi, олар ең алдымен: жоғарғы кәсiбилiк, бiрiншi кезекте мамандық бойынша тәжiрибелiк дайындық, мамандық бойынша теоретикалық бiлiмнiң болуы, ұйымдастыру қабiлетi, ақпаратты сараптау және жылдам iздеу қабiлетi, пәнаралық ойлау және келiп түскен ақпаратты сараптау, кез келген жағдайдың болашағына негiзделген болжамдар жасау және шешiмдердi қабылдау, сараптамалық хаттарда, пресс-релиздерде және басқа да құжаттарда өз ойын мазмұнды және қысқаша жеткiзуге қабiлеттi.

ОБ сапасы жүйесiн әзiрлеу кезiнде кафедра Қазақстанда жұмыс жасайтын (оның iшiнде ғылымды қажет ететiн, инновациялық салалар) мемлекеттiк және бизнес-құрылымдардың пiкiрiн ескердi. Кафедра оқытушыларының ( оның iшiнде кафедра түлектерiнiң байланыстары арқылы) әзiрлеген iскерлiк қатынастары үнемi мониторинг жүргiзiп отыруға, ОБ бағалау критерилерiне қажеттi түзетулер енгiзуге, сонымен қатар, сыртқы бағалау үшiн экспортты пiкiрлердi тартуға мүмкiндiк бередi.

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

1. Ғылыми-зерттеу институттары мен Орталықтар (ҚСЗИ, ӘЭСИ, Альтернатива)

2.Мемлекеттік құрылымдар (министрліктер, қалалық және аудандық әкімдіктер)

3.Халықаралық бірлестіктер мен қорлар

4. Бизнес-құрылымдар

 

 

Кәсіптік экономикалық білімді шет тілдерін меңгерумен ұштастырып, Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы мен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекшеліктері туралы жүйелі білімге ие болу; әлемнің әртүрлі елдерінің экономикасы туралы; елдің әлемдік экономикаға қатысуының пайдасы мен шығындары; әлемдік тауар, валюта және қаржы нарықтарының жағдайы мен даму тенденциялары; «Халықаралық сауда» және «Халықаралық қаржы» мамандықтары бойынша арнайы білім мен дағдылар кешенін меңгеру.

 

Бағдарламаның түлектерін болашақта жұмысқа орналастыра алатын негізгі жұмыс берушілер:

1. әр түрлі салалардағы, меншік нысандары мен формаларындағы кәсіпорындардың (ұйымдардың) экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және аналитикалық қызметтері;

2. сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын отандық кәсіпорындар (ұйымдар);

3. көпұлтты корпорациялар мен халықаралық компаниялардың аймақтағы өкілдіктері және бірлескен кәсіпорындар;

4. ұлттық және халықаралық деңгейлерде сыртқы экономикалық, валюта-несиелік және қаржылық процесстерге қызмет көрсететін қаржы институттары: банктер, қаржы, сақтандыру компаниялары;

5. Қазақстанның шетелдердегі сауда өкілдіктері, халықаралық институттар мен ұйымдар;

6. мемлекеттік басқару органдарының сыртқы экономикалық бөлімінің департаменттері, комитеттері, қызметтері, орталықтары, бөлімдері (ҚР Ұлттық экономика Министрлігі: Сыртқы сауданы дамыту департаменті, Халықаралық ынтымақтастық департаменті, Халықаралық экономикалық интеграция департаменті);

7. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ;

8. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ;

9. Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы;

10. ғылыми-зерттеу ұйымдары;

11. орта және кәсіптік білім беретін оқу орындары.