Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

Мовкебаева Ғалия Ахметқалиқызы. 2007 жылы «Үздік жыл оқытушысы» грантының иегері. Тарих ғылымының докторы, доцент, 1988 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жұмыс істейді. 1999-2003 жылдар аралығында факультет деканының орынбасары болды, факультеттің жетекші дәріс оқушылардың бірі. Г.А.Мовкебаева ғылыми өтелімдер мен тәжірибені DAAD Академиялық алмасу линиясы бойынша (1993-1995, 2001, 2008) ГФР-да өтті, Венгрияда Орталық-еуропалық университетінің зерттеу жоба шегінде (Будапешт, 1997) және Орталық Азиядағы жанжалдарды реттеу мәселелері бойынша БҰҰ Бағдарламасы шегінде (2002) өтті. Халықаралық қатынастар: Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Венгрия, Франция және т.б. мәселелері бойынша бірқатар республикалық және халықаралық конференцияларға қатысты. Халықаралық қатынастар, ҚР сыртқы саясат және Еуропалық Одақтың сыртқы саясаты мәселелері бойынша 50-дей жариялымдары бар. Г.А.Мовкебаева К.Аденауэр. ДААД, Медиа-нет халықаралық қорымен және ұйымдарымен тығыз байланысты. 2002 жылдан бастап ДААД іріктеу комиссиясының мүшесі болып табылады, 2008 жылдан бастап К.Аденауэр қорымен бірге «Ортаазиялық қоғамды демократизациялау: мәселелері және келешегі» атты жобаға қатысады. 2009 жылы докторлық диссертацияны сәтті қорғады.
   
   

Байзақова Құралай Ертісқызы 1984 жылдан бастап жалпы тарих кафедрасының, кейіннен 1992 жылдан бастап халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасының оқытушысы болды.

1985 жылы Қ.Е. Байзақова В.И.Ленин атындағы Ташкент университетінде «М.Дебренің «қуатты мемлекет» концепциясы және ХХ ғасырдың 40-50 жж. Франциядағы конституциялық реформаның мәселесі» тақырыбында «07.00.03 – жалпы тарих» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады. 2003 жылы «Голлизмнің конституциялық доктрина эволюциясы: саяси және сыртқы саяси аспектілері» тақырыбында 07.00.03 – Жалпы тарих, 07.00.15 – Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы» мамандықтары бойынша тарих ғылымы докторының ғылыми деңгейін ізденушіге диссертацияны қорғады. 2005 жылы профессор ғылыми атағын алды.

2002 жылдан бастап Қ. Байзақова Еуропалық ақпарат Орталығының директоры. 2004 жылдан ол жас оқытушылар, қазақстандық және ортаазиялық ЖОО магистранттар, докторанттар үшін жыл сайынғы Жаздық мектепті үйлестірушілердің бірі болып табылады. 2006 жылы К.И.Байзақова бастамасы бойынша халықаралық қатынастар факультетінде Орталық Азиядағы ең алғашқы НАТО-ның Ресурстық және ақпараттық орталығы ашылды.

2006-2010 жж. беделді ғалымдар үшін ҚР ҰҒА стипендиясының иегері атанды. 2010 жылы Байзақова «ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» атағын алды. 2006 жылы және 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік жыл оқытушысы» грантының иегері болды.

   
  Мақашева Клара Нәлдібекқызы – факультеттің жетекші мамандарының бірі, тарих ғылымының докторы. ҚазҰУ-да 1979 жылдан бастап жұмыс істейді. 1998-2002 жылдары аралығында факультет деканының орынбасары, «ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» сериясының» жауапты хатшысы, Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы қызметін атқарды.

К.Н. Мақашеваның ғылыми қызығушылықтары – Франция тарихы, еуропалық интеграция және еуропалық елдердің позициялары, әлемдегі интеграциялық үдерістері, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, халықаралық ұйымдар, әлемдегі саяси үдерістер.

К.Н. Мақашева – ҚР ҰҒА ұсынылған ЖОО үшін оқулықтардың бірлескен жинақ авторларының бірі, жүзге жуық ғылыми жариялымдары бар, Диссертациялық кеңестің мүшесі болған.

Францияда, Үндістанда, Түркияда және Ресейде өткен халықаралық конгресстерге, конференцияларға және семинарларға қатысты. Оның ғылыми жетекшілігімен бір философия докторы (PhD), төрт ғылым докторы, көптеген кандидатттар, магистранттар дайындалды.

Университет және  Білім және ғылым министрлігінің «ҚазҰУ үздік оқытушысы» (2008), «Факультеттің үздік оқытушысы» (2009), ЖОО ең үздік оқытушысы (2010)  марапаттарына ие болды.

2009-2011 жылдар аралығында халықаралық қатынастар факультетіндегі аймақтану және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі болды.

   
 

Көкеева Фатима Тұрарқызы2006 жылы «Үздік жыл оқытушысы» грантының иегері, тарих ғылымының докторы, профессор. Жоғары мектепте 20 жылдай жұмыс істейтін жоғары білікті мамандардың бірі. Профессор Ф.Т. Көкеева қазақстандық ғылымда американдық бағыттың бастамасын салды. Оның ғылыми қызығушылықтар қатарына АҚШ тарихы, саяси жүйесі және сыртқы саясаты кіреді. Орталық Азия аймағындағы АҚШ-тың геосаясаты, трансатлантикалық серіктестіктердің әртүрлі аспектілеріне, Құрама Штаттардың сыртқы саяси стратегияларының теориясы мен практикасына, Американың халықаралық ұйымдардағы рөліне бағытталған бірқатар мақалалар мен екі монография авторы. Ф.Т.Көкеева – халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша аймақтық және халықаралық конференцияның белсенді қатысушысы, АҚШ мемлекттік департаментінің, Сорос қорының, Сасакава жапон қорының және т.б. грант иегері. Отандық және шетелдік ғылыми баспаларда жариялымдары бар. Ф.Т.Көкеева бастамасы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанында Орталық Азияда және республикада бірінші американдық және демократиялық зерттеулердің Ресурстық орталығы (АДЗРО) ашылды. Ғылыми жетістіктер үшін профессор Ф.Т.Көкеева 2006 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Үздік жыл оқытушысы» грантының иегері, 2008 жылы ҚР ҰҒА «Беделді ғалым» грантын алды.

   
 

Ғұбайдуллина Мара Шаукатқызы. 2006 жылы «Үздік жыл оқытушысы» грантының иегері, тарих ғылымының докторы, профессор. С.М. Киров атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің (неміс тілін терең меңгеру) арнайы бөлімін аяқтады. 1982 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚазҰУ-да жұмыс істейді, оқытушылық қызметі барысында өзінің бай тәжірибесін студенттеріне береді. Оның ғылыми қызығушылық сферасы: халықаралық қатынастар, Еуропадағы интеграциялық үдерістер, Орталық Азия, Германияның сыртқы саясаты және Қазақстандағы саяси үдерістер. М.Ш.Ғұбайдуллина елде және шетелде ғылыми тұрғыда мойындалған, ол белсенді түрде Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Түркия елдерінің жоо-мен және ғалымдарымен кең байланыс жасайды. Бірнеше рет ғылыми өтелімдерді шетелдік университеттерде және зерттеу орталықтарында өтті. Ол ҚР және ГФР сыртқы саясаты, аймақтық интеграцияның заманауи зерттеулерін дайындауға үлкен үлес қосты. Ғылыми белсенділік және әдістемелік жұмыс тәжірибесі көптеген жариялымдарда: монографиялар, мақалалар, оқулықтарда (200 жуық) көрініс алды, ол –  республикадағы және шетелдегі көптеген ғылыми-практикалық конференцияға қатысушы. 2000-2007 жж. ЕЕҚҰ Орталығымен бірге ЕЕҚҰ бойынша тренингтік семинарларда, сондай-ақ  Бундесвер (Гамбург) университетінің студенттері алдында дәріс оқыды. 2008 жылы «Ғылымның дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» М.Ш.Ғұбайдуллина М.Вернер грантына және Германияның қорғаныс министрі Ф.Й.Юнганың арнайы дипломына ие болды. Ол ғылым кандидатын, қорғалған екі докторлық диссертацияның PhD ғылыми кеңесшісі, оның біреуі Германияда.

   
Елемесов Раушан Елемесұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген білім қайраткері, Қазақстанның ғылым академиясы Жоғары мектебінің толыққанды мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген еңбек қайраткері. 1995 жылдан бастап Р.Е.Елемесов қызметі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен байланысты. Ол 2001 жылға дейін басқарған «Әлемдік экономика» кафедрасының меңгеруші қызметіне тағайындалды. 2001-2005 жылдар аралығында экономика және бизнес факультетінде декан қызметінде жұмыс атқарды. Қазіргі таңда Р.Е.Елемесов – халықаралық қатынастар факультетінің «халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасының профессоры. Оның 150-дей жарияланған жұмыстары бар. Қазіргі кезде оның ғылыми қызығушылықтары – экономикалық зерттеу әдістемесінің мәселелері. 2012-2013 оқу жылында Раушан Елемесұлы ҚР Президентінің Жарлығымен "Құрмет" орденімен және Еуропалық Одақтың Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасының алтын медалімен марапатталды.
   
  Өтегенова Айлуна Рахметқызы. 2007 жылы «Үздік жыл оқытушысы» грантының иегері. Тарих ғылымының кандидаты. А.Р.Өтегенова –  халықаралық қатынастар факультетінің талантты бітірушілерінің бірі. Аспирантураны 2003 жылы бітіргеннен кейін ол халықаралық қатынастар факультетінде сабақ беруге қалды. Ол жас және келешекті ғалым ретінде үнемі өзінің кәсіби деңгейін арттырады. 2004 жылы ол ЕЕҚҰ Академиясында оқу курсын Бішкек қаласында өтті, 2007 жылы Будапештегі Орталық-еуропалық университеттің Жазғы университетінде өтілімнен өтті, бірнеше рет АҚШ, Үндістан, Ресей, Польша, Венгрия, Германия, Норвегия елдерінде халықаралық семинарлар мен конференцияларға қатысты. 2008 жылы А.Р.Өтегенова «Орталық Азия елдері үшін біліми және мәдени саясат» бағдарламасы бойынша Цукуба (Жапония) университетінде оқуға Жапония үкіметінің жылық грантын ұтып алды.