"АЙМАҚТАНУ" МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ 2020

02.04.2020

 

"АЙМАҚТАНУ" МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ 2020

 

2020 жылдың 31 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының ұйымдастырумен өткізілген “аймақтану” мамандығы бойынша Республикалық олимпиаданың нәтижелерін БҰҰ-ның Ғаламдық коммуникациялар бөлімінің бастығы Властимил Самек басқарған конкурстық комиссиясы қашықтықтан қорытындылады.

Олимпиаданың тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - тұрақты даму мақсатымен байланысты болды.

Қатысушылар екі тапсырманы дайындады - біріншісі - команданың бейне визит картасы, онда олар қазіргі кездегі өзекті мәселелерді талқылап, сол мәселелерді шешуге өз идеяларын ұсынды. Екінші міндет - «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы Қазақстанның дамуының стратегиялық жоспары».

Студенттер өздерінің кәсіби және жеке әлеуеттерін, шығармашылық қабілеттерін, өзіндік ерекшеліктерін, талдау, логикалық ойлау және өз көзқарасын дәлелдеу қабілеттерін көрсетті.

Олимпиадаға 5 жоғары оқу орнынан үш бағыт бойынша - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен 13 команда қатысты.

Қашықтан өткізілген “аймақтану” мамандығы бойынша олимпиадасының нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз:

Қазақ бөлімінің қорытындысы бойынша команда жеңімпаздары:

1 орын:

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер командасы (Сыдык Абзал, Мухаметкали Гулбаршын, Жусупбаева Корлан). Топ жетекшісі: оқытушы Рахметова А.Е.

2 орын:

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ студенттер командасы (Беделова Асель, Ермекбаева Жулдыз, Кыдырбай Нурканат). Топ жетекшісі: асс.проф. Шукыжанова А.

AlmaU университетінің студенттер командасы (Саматова Назерке, Нураханова Мадина, Пернекул Айзада). Топ жетекшісі: аға оқытушы. Есенбаев Д.

3 орын:       

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттер командасы (Абду Мирас, Асан Оразбиби, Нурпеисова Даяна). Топ жетекшісі: Даркенов К.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттер командасы (Задагереева Бекзада, Асанов Жандос, Тынышпаева Гулжайна). Топ жетекшісі: оқытушы Майманова Н.

 

Орыс бөлімінің қорытындысы бойынша команда жеңімпаздары:

1 орын:

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер командасы (Жамикешев Дастан, Есенбекова Айжан, Оналбаева Айдана). Топ жетекшісі: аға оқытушы Бакирланова А.Н.

2 орын:

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттер командасы (Пернебаева Биназир, Дмитриева Алёна, Оспанова Даяна). Топ жетекшісі: проф. Таштемханова Р.

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ студенттер командасы (Адактилос Яна, Жазылбек Алибек, Каракаева Диана). Топ жетекшісі: аға оқытушы Исалиева А.

3 орын:

AlmaU университетінің студенттер командасы (Пеисова Жания, Парпиев Адилет, Агисова Ырысжан). Топ жетекшісі: доц. Осколков В.

 

Ағылшын бөлімінің қорытындысы бойынша команда жеңімпаздары:

орын:

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттер командасы (Касымова Диана, Маратова Диана, Мукатай Бауржан). Топ жетекшісі: доц. Болысбекова М.

2 орын:

AlmaU университетінің студенттер командасы (Василенко Дарья, Тен Инна, Кожамсеитова Асель). Топ жетекшісі: аға оқытушы. Саари Д.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер командасы (Юсупова Эльвира, Кенесариев Санжар, Бакыт Мая). Топ жетекшісі: доц. Байзакова Ж.

3 орын:

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ студенттер командасы (Кенжегалиева Аружан, Ныгметова Балжан, Хаджиева Садие). Топ жетекшісі: аға оқытушы Исалиева А.

 

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!