Халықаралық қызмет

ХҚ және ӘЭ кафедрасының халықаралық қызметі ОПҚ халықаралық ғылыми-білім мобильділігінің дамуына, оқытушылардың қажетті кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. ҚР-да орналасқан дипломатиялық өкілдіктермен (Үндістан Елшілігі, Халықаралық істер жөніндегі Үнді кеңесі (ICWA), ГФР Бас Консулдығы, Жапония Елшілігі, Жапон мәдени орталығы, Мысыр мәдени орталығы және т.б.) және шетелде орналасқан ҚР елшіліктерімен (АҚШ-тағы ҚР елшілігі, Венгриядағы ҚР Елшілігі, Үндістандағы ҚР елшілігі, Ресейдегі ҚР елшілігі және т.б.) ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық жемісті дамуда.

Кафедра халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен – БҰҰ (Бұқаралық ақпарат департаменті), ЕО, НАТО (бұқаралық дипломатия департаменті), Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Қызыл Крест халықаралық комитетімен, сонымен қатар, түрлі халықаралық қорлармен және білім беру орталықтарымен (Bilim.kz. білім беру орталығы, ДААД, Орталық Азия мен ҚР-дағы К. Адэнауэр қорының Өкілдігі, Эберт қорының Өкілдігі, Ашық қоғам Институтының жоғарғы білімді қолдау бағдарламасы (HESP, OSI) ынтымақтастықты дамытуда. Әріптестік бірлескен конференцияларды, елші сағаттарын жүргізу, кеңес алмасу түрінде жүзеге асады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің БҰҰ-ның аймақтық ресурстық орталығы Қазақстанның БҰҰ-ға қосылуының 26 жылдығына және Ұйыммен ынтымақтастығының 25 жылдығына орай БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаменті ұйымдастырған іс-шарада

 

   

Кафедра Еуропа, Америка және Азияның 25 елдерінің университеттері мен ғылыми орталықтарымен тұрақты ғылыми байланыстарды орнатты. Ынтымақтастық түрлі формаларда жүзеге асады: оқытушылардың ғылыми іс-сапарлары, шетел профессорларын дәріс оқу мақсатында шақыру, ортақ ғылыми зерттеулерді жүргізу, шетел конференцияларына қатысу, докторанттарға бірлесіп жетекшілік жасау, халықаралық гранттарды алу мақсатында бірлескен жобаларды дайындау және т.б.

 

Профессор М.Ш. Губайдуллина және студенттер

ГФР СІМ, Берлин, Германия (маусым, 2017)

 Марбург Университетімен Келісімге қол қою (2017)