Жалпы мәліметтер

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі жарияланып, әлемдік қауымдастыққа енуінен кейін сыртқы саяси мекемелерде қызмет ететін білікті мамандар дайындау қажеттілігі туындады және жаңа ел үшін халықаралық қатынастар және дипломатия саласында мамандарды даярлау мәселесі көтерілді. Осыған орай профессор Ж.О. Ибрашевтің бастамасымен мамандықтардың республикалық топтамасына енген «халықаралық қатынастар» мамандығы ашылды. Бұл 1992 жылы тарих факультетінің шеңберінде халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасының құрылуына негіз болды. Осы уақыттан бастап кафедрада бірқатар құрылымдық қайта құрылулар жүзеге асырылды.

Мамандық пен факультеттің дамуымен бір факультетте негізгі аймақтардағы шет елдердің тарихы, саясаты, құқығы және экономикасымен байланысты барлық үш мамандықты топтастыру қажеттілігі туындады. Сондықтан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бұйрығымен 2011 жылдың маусымында халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы аясында үш мамандық біріктірілді: «халықаралық қатынастар», «аймақтану» және «әлемдік экономика».

Қазіргі таңда «халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасында 3 негізгі мамандық бойынша оқытушылар қызмет етеді. Кафедраның барлық оқытушылары ғылыми дәрежеге ие, олардың ішінде «халықаралық қатынастар тарихы» және «экономика» мамандықтары бойынша ғылым докторлары: Қ.Е. Байзақова, Ф.Т. Кукеева, М.Ш. Губайдуллина, К.Н. Макашева, Н. Мұхаметхан, Г.М. Мовкебаева. Кафедрада танымал А.Х. Арыстанбекова, Қ. Исағалиев сынды қазақстандық белгілі дипломаттар еңбек етеді. Олардың практикалық тәжірибелері мен тереңдетілген білімдеріне негізделген дәрістері студенттер үшін өте қызықты. Сонымен қатар кафедрада Е.С. Чукубаев, А.Р. Әліпбаев, М.С. Мырзабеков, Л.Т. Исова, М.А. Мырзахметова, А.А. Ақатаева, М.А. Медуханова, С.М. Ж.Қ. Идрышева, А.Х. Ахметжанова сынды ғылым кандидаттары мен доценттер бар. Н.С. Нурдавлетова, Ж. Кошербаев, Б.М. Балаубаева, Р.О. Садықова, А. Күзембаева, Ф. Уразаева, Г. Байкушикова, М.С. Сарыбаев сияқты тарих ғылымдарының кандидаттары мен аға оқытушылар қызмет етеді.