«Ala-Too» халықаралық университетінің профессоры Мишель Джозеф Бараниктің «Ресей мен Украина соғысы: себептері мен салдары» атты жария дәрісі

08.11.2022

Көрулер: 381

2022 жылдың 7 қарашасында халықаралық қатынастар факультетінде халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының ұйымдастыруымен «Ala-Too» халықаралық университетінің профессоры Мишель Джозеф Бараниктің «Ресей мен Украина соғысы: себептері мен салдары» атты жария дәрісі өтті.

Жария дәріске факультеттің ОҚП, жас ғалымдары, білі алушылары қатысты. Профессор Бараник қазіргі таңда өзекті геосаяси шиеленіс болып табылатын Ресей мен Украинаның арасындағы қақтығыстың шығу себептері мен оның аймақтық және халықаралық саяси үрдістерге тигізетін әсерін талдап берді.

Дәріс соңы ашық пікірталасқа ұласып, білім алушылар өздерін қызықтырған көптеген сауалдарға жауап алды. Профессор Бараник дәріске қатысушыларға үлкен алғысын білдірді.