Белгілі ғалым Тоғжан Қасенованың «Atomic Steppe: how Kazakhstan gave Up the Bomb» кітабының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесері
Көрулер: 388
2022 жылдың 7 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті халықаралық қатынастар факультетінді белгілі ғалым Тоғжан Қасенованың АҚШ-тағы «Stanford University Press» баспасында жарық көрген «Atomic Steppe: how Kazakhstan gave Up the Bomb» кітабының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесері болып өтті.
«Атом улаған дала: Қазақстанның бомбадан бас тарту жолы» деген аталған кітап Семей полигонындағы ядролық қару сынақтарынан қазақ халқына келтірілген азапты негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Кеңес Одағының мұрасы - ядролық қарудан бас тарту жөніндегі саясатын қалай жүргізгендігі туралы қалың жұртшылыққа таныстыруға мүмкіндік береді.
Кітаптың ағылшынша нұсқасынан қазақ тіліне аудару жұмысы Герман Қоғамдық Қауымдастығы «Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қорының» қолдауымен жүзеге асырылды.






