«Қазіргі халықаралық қатынастардағы АӨСШК рөлі» атты дөңгелек үстел
Көрулер: 390
2022 жылдың 5 Қазан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен «Қазіргі халықаралық қатынастардағы АӨСШК рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Ауқымды іс-шара Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) ұйымының құрылғандығына 30 жыл мерейтойы аясында жүргізілді.
Дөңгелек үстелдің ашылу рәсімінде БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Өкілі Властимил Самек, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Цзян Вэй, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Мохсен Фагани, Өзбекстан Респбуликасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Фатхуллаев Аброр Джахангирович құттықтау сөздерін жеткізіп, мемлекетаралық, аймақтық, халықаралық, әлемдік мәселелерді бейбіт түрде шешу үшін осындай диалогтық платформалардың қажеттілігі мен маңызын атап өтті. Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Вице-Консулы Шермин Текин, Үндістанның Алматы қаласындағы Бас Консулдығының консулы Амит Кумар Шарма, Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Равшан Бобохонзода, Қырғызстанның Алматы қаласындағы Бас Консулдығының Консулы Асанбеков Жумаш Омурзакович дөңгелек үстелдің құрметті қонағы ретінде қатысып, іс-шара барысындағы ойталқы үдерісіне белсенді түрде қатысып, пікір бөлісті.
Сонымен қатар, ауқымды іс-шара Азия мемлекеттерін танушы танымал сарапшылар мен академиялық қоғам өкілдерінің бас қосу орнына айналды. Солардың ішінде Султанов Болат Қылышбайұлы, Байзақова Құралай Ертісқызы, Губайдуллина Мара Шаукатовна, Ауельбаев Болат Әлімханұлы, Ауған Мәлік Әлшіоразұлы, Курмангужин Рүстем Сәлімұлы, Баталова Ақмарал Валериановна, Артықбекова Мунира Абдыкаюмовна өз баяндамаларын жасады. Іс-шара қорытындысынды бойынша резюлюция қабылданды.






