Вестник Awards -2023 ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика сериясы.

14.12.2023

Көрулер: 289

2023 жылдың 14 желтоқсанында Әл-Фараби атындағыҚазҰУуниверситетініңкітапханасында "ҚазҰУХабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы" журналында жарияланған мақалалардың үздік авторларын марапаттауға арналған "Вестник Awards-2023" салтанатты іс-шарасы өтті.

"Вестник Awards" байқауын халықаралық қатынастар факультеті мен "ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы" журналының редакциялық алқасы осымен екінші жылұйымдастырыпотыр.

Байқау қазақстандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-зерттеушілерді ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Конкурстық комиссия "ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы" журналында 2020, 2021, 2022 жылдарыжарияланған авторлардың мақалаларын сараптады.

Іс-шарада келесідей критерийлер бойынша іріктелген мақалалар авторларына сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды:

-         Көргендер саны (БД Researchgate )

-         Сілтемелер саны(БД Researchgate)

-         Сілтемелер саны (БД GoogleScholar)

-         Сілтемелер саны(БД SCOPUS)

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша марапатталды: 

-       Номинация– «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ авторының (авторларының) үздік ғылыми мақаласы- 100,000 теңге.

-       Номинация «Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының авторының (авторларының) үздік ғылыми мақаласы - 100,000 теңге.

-       Номинация – «Шетелдікавтордың (авторлардың) үздікғылымимақаласы» - 100,000 теңге.

Сондай-ақ, әр номинация бойыншақосымша 2 автор (барлығы 6) ҚазҰУсертификаттарыменмарапатталды.

Номинация «Үздік рецензент, 2023 жыл». 3 рецензент 50, 000 теңгеден алды.

Ақшалай сыйлықтар мен сертификаттарды табыстау рәсіміне Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Деловарова Лейла Федоровна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры Бөрібаев Жолдас Алладинович, ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы журналының ғылыми редакторы Жекенов Думан Құрманғазыұлы, журналдың жауапты хатшысы Байкушикова Гульнара Серікбаевна, редакциялық алқа мүшелері және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мақалаларының авторлары, басқа Республикалық жоғары оқу орындарының мақалаларының авторлары, сондай-ақ шетелдік авторлар (онлайн), рецензенттер қатысты.

Мақала авторлары ғылымға пайдалы болатын одан да жақсы және қызықты мақалалар жазуға ынталы болды.

"ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқықсериясы" журналының редакциясы, барлық марапатталғандарды құттықтайды және барлық ниет білдірушілерді 2024 жылы жарияланатын келесі "Вестник Awards" байқауына қатысуға шақырады.

 

Байкушикова Гульнара Серикбаевна

Халықаралық қатынастар факультеті