ПРОФЕССОР ЧЕДОМИР НЕСТОРОВИЧТЫҢ ДӘРІСІ (ESSEC)

10.12.2020

Көрулер: 1779

2020 жылдың 9 желтоқсанында, сағат 14.00-15.50 аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның Халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы базасында, Zoom платформасы арқылы Сингапурдағы ESSEC Business School Asia Pacific профессоры, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы MBA бағдарламаларының атқарушы директоры, «The Financial Times» бойынша Аптаның үздік профессоры Чедомир Несторовичтың дәрісі өтті. Дәріс тақырыбы: «АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастары, АҚШ-тағы сайлаулардың Азиядағы бизнеске әсері».

Дәріске 50-ден астам студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты. Бірінші бөлімде профессор АҚШ-тағы 2020 жылғы сайлауға қатысты негізгі мәселелерге тоқталды: демократтар мен республикашылдардың қарама-қайшылықтары, АҚШ сайлау жүйесінің кемшіліктері, бұрмалаушылық және Америкадағы сайлаудың әлемдік саясат үшін маңызы.

Профессор екінші бөлімде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының проблемасына, халықаралық сауда ұйымдарының рөліне тоқталып, әлемдік сауда соғысының қиыншылықтары мен салдарын сипаттады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері пікірталасқа белсенді қатысып, Чедомир мырзаға сұрақтар қойып, жоғары дайындық пен білім деңгейін көрсетті.

 

Сіздің назарыңызға видео дәрісті ұсынамыз:

 

Және фотосуреттер: