Жаңалықтар

Жоғары білім берудегі жасанды интеллект

06.11.2023

2023 жылдың 3 қарашасында «Халықаралық қатынастар» мамандығының 2 курс студенттері Амир Серікхан, Василий Тзаферий мен Аделина Аманбаева эдвайзер, аға оқытушысы А.Р.Өтегеновамен бірге «Жоғары білім берудегі жасанды интеллект» туралы университет аралық іс-шараға қатысты. Іс-шараны Алматы Менеджмент Университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ХҚФ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы, С.Д. Асфендияров атты ҚазҰМУ және UIB Университетімен бірігіп ұйымдастырды

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесу өтті

30.10.2023

Халықаралық қатынастар факультетінде Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесу өтті

2023 жылдың 30 қазанында Халықаралық қатынастар факультетінде Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы Юзеф Тымановскийдің факультет студенттерімен кездесуі өтті


Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультеті Орталық Азия зерттеулері бойынша бірқатар дәрістер ұйымдастырды

26.10.2023

Халықаралық қатынастар факультеті Орталық Азия зерттеулері бойынша бірқатар дәрістер ұйымдастырды

26.10.2023 Халықаралық қатынастар факультетінде, Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы және «Аймақтық қатынастарды зерттеу» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесе отырып Үндістан, Жапония, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген шетелдік профессорлардың Орталық Азия зерттеулері бойынша бірқатар жария дәрістерін ұйымдастырылды. Жария дәрістердің аясында Орталық Азия аймағындағы көші-қон, су ресурстары, діни экстремизм мәселелері сияқты өзекті үрдістер көтерілді

Ары қарай оқу >>

Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күніне арналған «XXI ғасырдағы БҰҰ рөлі» атты халықаралық дөңгелек үстел

24.10.2023

Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күніне арналған «XXI ғасырдағы БҰҰ рөлі» атты халықаралық дөңгелек үстел

2023 жылдың 24 қазанында ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ туралы ақпарат беретін Академиялық Аймақтық Ресурстық Орталығы және БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматы қаласындағы өкілдігі бірлесіп БҰҰ күніне арналған «XXI ғасырдағы БҰҰ рөлі» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстел Алматыдағы БҰҰ Плаза ғимаратында өткені қатысушылар үшін ерекше болды.

Дөңгелек үстел барысында қазіргі заманғы қақтығыстарды шешудегі БҰҰ рөлі, 17 тұрақты мақсатты жүзеге асыру және осы үдеріске жастардың қосқан үлесі туралы баяндамалар мен презентациялар таныстырылды. Сондай-ақ қазіргі жастардың БҰҰ қызметіне және тұрақты дамудың 17 мақсатын ілгерілетудегі бастамалары мен үлесі талқыланды.

Ары қарай оқу >>

25 қазан — Республика күні

23.10.2023

Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттары аясында Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар мамандығының 3 курс студенттерімен топ эдвайзері, доцент А.Р. Әліпбаев 23 қазанда – Республика күніне арналған арнайы дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты: ұлттық мерекенің жаңғыруы, елдігіміздің болашағы жастар бойында тұрақты даму жолдарын айқындау.

Студенттер 25 қазан - ел тарихындағы маңызды сәт болғандығын ұғынып, сол кезеңдегі саяси ахуалды ой елегінен өткізе отырып, қабылданған аса маңызды құжаттың құндылығын түсінді. А.Р.Әліпбаев тарихи құжатты дайындаған азаматтардың замандасы ретінде естеліктермен бөлісті. Сондай-ақ «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің 1990 жылы 30 қазандағы басылымдарымен студенттерді таныстырды. Олар Егемендік Декларациясының мәтіні басылып шыққан құнды басылымдар болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттары

23.10.2023

Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттары аясында 2023 жылдың 21 қазанында доцент А.Р. Әліпбаевтың жетекшілігімен “Дипломатиялық құжаттама және протокол” пәнінен жинаған теориялық білімді тәжірибе негізінде бекіту мақсатымен студенттер арасында дипломатиялық сұхбат жүргізілді. 

Ары қарай оқу >>

Сапалы білім беру - тұрақты даму мақсаты

20.10.2023

Оқуда озат, халықаралық қатынастар факультетінің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген Оңайбай Іңкәр Сергейқызы сынды үздік студенттерге стипендия тағайындау Тұрақты дамудың 4-мақсаты – «Сапалы білім» беру тұрғысында ерекше маңызға ие.

Ары қарай оқу >>

Орталық Азия тұрақты даму жолында (9-мақсат)

20.10.2023

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика департаменті Тұрақты даму мақсатын (SDG) 9: Орталық Азия контекстіндегі индустрия, инновация және инфрақұрылымды зерттеу және ілгерілетуге арналған алдағы іс-шараны қуана хабарлайды. Бұл шарада кафедраның аға оқытушысы Аида Ерімпашеваның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері баяндалады. 

Ары қарай оқу >>

«Тұрақты прогрестің құлпын ашу: 9 Тұрақты Даму Мақсатына қол жеткізудегі логистика мен дипломатияның рөлін зерттеу»

20.10.2023

2023 жылдың 28 қыркүйегінде Sefacil қорының, Ле Гаврдағы Нормандия университетінің және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен халықаралық қатынастар факультетінде «Логистика және дипломатия» VII халықаралық семинары өтті. Бұл тамаша оқиға Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) контекстіндегі логистика мен дипломатия арасындағы күрделі қарым-қатынасты талқылау үшін академиялық, дипломатия және халықаралық қатынастардың көрнекті қайраткерлерін жинады.

Ары қарай оқу >>

«Қоғам және оның қиындықтары» дөңгелек үстелі

27.02.2023

2023 жылдың 24 ақпанында 1 курс студенттерімен эдвайзер Әліпқызы Раминамен бірге «Қоғам және оның қиындықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шара тәрбиелік сипатта болды, оның аясында қазақстандық қоғамның, атап айтқанда, жастардың өзекті мәселелері қозғалды, сонымен қатар талқылау және олардың ең ұтымды шешімдері болды. Дөңгелек үстел әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің 1-4 курс студенттеріне арналған. 

Ары қарай оқу >>