Сапалы білім және тәрбие: студенттермен кездесу

30.09.2024

Көрулер: 163

2024 жылдың 25 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызметі және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Тлеубаева Назерке Далелханқызы факультет студенттерімен еркін форматта кездесу өткізді. «6В02101 – Баспа ісі», «6В02102 – Дизайн» мамандықтарының бірінші курс студенттерімен жиналыс барысында "БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатындағы Төртінші бағыт: Сапалы білім басымдығын жүзеге асыру аясында болашақ баспагер-дизайнерлерді дайындау мәселесі талқыланып, оқу процесіне қатысты сұрақ-жауап өткізілді.