Редакторлық қызметтің қыры мен сыры

03.11.2022

Көрулер: 862

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының студенттерімен кездескен журналист, «Ақжелкен» журналының редакторы Есей Жеңісұлы «Ең бастысы – өмірде өзіңе редактор бола білу», - деп сөз бастады. Болашақ баспагер, редактор маманы болатын білім алушылармен «Редакторлық қызметтің қыры мен сыры» атты шеберлік сыныбы бір сағатта өткен дәріс студенттерге өмірлік дәріс болды.