Қазіргі заманғы Қазақстан баспа ісінің өзекті мәселелері

02.11.2022

Көрулер: 839

Қараша айының 2-ші жұлдызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнеспен «Қазіргі заманғы Қазақстан баспа ісінің өзекті мәселелері» атты тақырыпта шеберлік сағат өтті. Тақырып аясында еліміздегі баспа саласының жай-күйі талқыланып, студенттердің сауалына жауап айтылды.