Редакторлық қызмет ерекшеліктері: БАҚ-тағы стилистикалық қателер

31.10.2022

Көрулер: 885

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, ТМД Журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты, журналист-редактор Қайнар Олжаймен шеберлік сағаты өтті. Кездесу барысында журналист студенттермен журналистік өмірдің құпияларымен бөлісіп, ондағы жұмыс істеудің қиындықтары мен артықшылықтары туралы айтты.