ҚЫСҚЫ БАҚТА ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЖИЫН

24.09.2022

Көрулер: 753

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының мәжілісі болып өтті. Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайындағы қысқы бақ залында өткен жиынды кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Рамазанова ашып, жаңа декан Сансызбай Шарапиұлына ұжым мүшелерін таныстырды.