«Баспа ісі және әдеби үдеріс: жазушы – редактор – оқырман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтеді
Ақпар хат
Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22-қаңтары күні сағат 11:00-де жазушы, ақын, журналист, ғалым, ұстаз, ф.ғ.к., доцент Нұржан Қуантайұлының 50 жасқа толуына арналған «Баспа ісі және әдеби үдеріс: жазушы – редактор – оқырман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтеді.
Сонымен қатар Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы конференция аясында жинақ әзірлейді. Жинақтың тақырыптары төмендегідей үш секциядан тұрады:
1-секция: Нұржан Қуантайұлы – жазушы, ақын, журналист, ғалым, ұстаз;
2-секция: Қазіргі әдеби процесс: мәтін, тұлға, тенденция;
3-секция: БАҚ және баспа ісі: ізденістер мен мүмкіндіктер.
Жариялауға қойылатын талаптар:
1. Мақала мәтіні 5 беттен аспайтын көлемде және MS Word бағдарламасында дайындалуы керек.
2. Парақтың параметрлері: барлық шеттері 2 см
3. Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, өлшемі-14.
4. Жоларалық интервал - 1. Параграф: 1,25 см.
5. Сілтемелерді пайдалану арқылы дереккөзді анықтауыңыз керек. Сілтемелер мәтіннің соңында үлгі ережелеріне сәйкес жасалуы керек. Мәтінде әдебиеттерге сілтемелер сілтеме тәртібінде нөмірленуге сәйкес «шаршы» жақшаға ілінуі керек. Мысалы: [1, 17].
Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын gulzhayna.sayakbayeva@gmail.com электронды поштасына жіберу керек.
Редакциялық алқа баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады. Жинаққа мақаланы 2021 жылдың 01 ақпанға дейін келесі формада жіберу керек:
ТІРКЕУ ФОРМАСЫ
1. Тегі, аты (толық) _____________________________________________________
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________
3. Мекеме, лауазым _______________________________________
4. Мекен-жайы ____________________________________________________
5. Телефон (халықаралық теру кодымен, ұялы телефонмен) _______________________________________________________
6.Э-пошта ________________________________________________________
7. Мақаланың тақырыбы ___________________________________________________
Басылым күні : 25.02.2021