Баспагер, журналист, аудармашы Шынар Әбілданың шеберлік сағаты өтті

 

Қазанның жетісі күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен журналистика факультетінің 203-аудиториясында белгілі баспагер, журналист, аудармашы Шынар Әбілданың шеберлік сағаты өтті. Оған «баспагер» мамандығының 3-курс студенттері қатысты.

«Бүгінгі электронды басылымдардағы аударма мәселесі» тақырыбында дәріс оқыған, тәжірибесімен бөліскен Шынар Әбілда студенттерге ақпараттық порталдарға, ғаламтордағы қоғамдық және әлеуметтік желілерге арналып аударылатын шығармалардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Өзінің аударма кітаптарының қалай жазылғанын, қалай баспаға әзірленгенін кеңінен баяндап берді. Сонымен бірге шәкірттердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Шеберлік сағат өте жоғары деңгейде өтті.

Н.Қуантаев

Басылым күні :  07.10.2019