БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ

29.03.2021

Көрулер: 2733

2021 жылдың 8-сәуірінде сағ.14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Ә.Ыдырысов атындағы аудиторияда қазақ баспасөзі безендіру ісінің негізін қалаған көрнекті ғалым, ұстаз, жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әбілфайыз Ыдырысовты еске алуға арналған «Баспа ісі және медиадизайн: қазіргі трендтер, проблемалары және келешегі» атты халықаралық ғылымитәжірибелік онлайн-конференция өтеді.  

Конференция  бағыттары:

  • Ұлттық баспа ісінің заманауи дамуы;
  • Медиадизайн: мәселелері, артықшылығы және келешегі;
  • Қазақстандағы электронды кітап нарығы:ізденістер мен іркілістер;
  • Виртуалды коммуникация және мультимедиа;
  • Кадр даярлау мәселелері;
  • Профессор  Ыдырысов шығармашылығы, ғылыми зерттеулері және мұралары.

«Баспа ісі және медиадизайн: қазіргі трендтер, проблемалары және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция дәстүрлі «Ыдырысов оқулары» аясында өткізіледі. Конференцияға Әбілфайыз Ыдырысовтың отбасы, туыстары, әріптестері, шәкірттері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, белгілі баспагерлер, дизайнерлер, студенттер мен магистранттар, докторанттар қатысады.

Қосымша ақпарат:

Ғибратты ғұмыры келешек ұрпаққа өнеге болатын қазақтың қабырғалы қаламгері, белгілі журналист, ұлағатты ұстаз Әбілфайыз Ыдырысовтың қазақ халқына сіңірген еңбегі айрықша зор.   

 Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанында Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Егіндісай ауылында туған. Жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты. 800-ден астам публицистикалық мақала, очерктер, оқулықтар, «Қазақ журналистикасының тарихы», «Очерк журналистика жанры ретінде», «Баспа өнімдерін әсемдеу», тағы басқа да пәндер бойынша әдістемелік құралдар дайындаған. Сондай-ақ, қазақтың қабырғалы қаламгері Әбілфайыз Ыдырысов қазақ әдебиетіне «Айжанның ғашығы», «Берік», «Аңсаған менің әнімсің», «Ақсүйек», «Кер бұзаудың өлімі» атты танымы мол, пайымы кең повестерін, "Таңшолпан" атты көркем романын алып келді.  

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті.

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Рамазан 

тел.: +77272211405, ұялы тел.: +77761180847

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары Ж.Батырханова,

тел.: +77781035998

Жетекші маман Г.Саяқбаева, тел.: +77476920644 

Конференцияның жеке идентификаторы: 444 597 1396

Код: Zhazira1