Жаңалықтар

Механика кафедрасына кітаптар сыйға тартылды

15.02.2021

ШЖҚ РМК "Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты" механика кафедрасына Академик Ө.А. Жолдасбековтың  «Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика есептер жинағы. Оқу құралы. - Алматы. «Ғылым» баспа орталығы, 2003. - 394 бет» атты оқулығын сыйға тартты. Жалпы құны 67840 теңге, 64 дана. Институттың Бас директоры А.К.Тулешовке кафедрасын кітаппен қамтамасыз етуге өтеусіз көмегі үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз

Ары қарай оқу >>

On-line практика!

10.02.2021

Механика мамандығының 4-курс студенттері оқу жоспарына сәйкес 18.01.2021-06.02.2021 аралығында «Республикалық физика-математика мектебінде» педагогикалық практикадан өтті. Төрт аптаға созылған педагогикалық практика барысында жетекшілік еткен Республикалық физика-математика мектебінің тәжірибелі ұстаздары студенттерге ұстаздықтың сырын меңгертті. Механика кафедрасы тарапынан педагогикалық практикаға ф.м.ғ.к., доцент А.К. Тулепбергенов жетекшілік етті

Ары қарай оқу >>

Беляев Ержан Келесұлы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Postdoc-2020» грантының иегері!

27.01.2021

PhD докторы, механика кафедрасының доценті Беляев Ержан Келесұлы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасының алғашқы постдокы атанды.

Ержан Келесұлына шығармашылық табыс тілейміз!

 

Ары қарай оқу >>

«GREEN ENERGY» – БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

22.01.2021

2020 жылы желтоқсан айының 23-де ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ Профессоры А.Қ. Ершинаның 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 45-жылдығына арналған «БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ, ҒЫЛЫМДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ӨНДІРІС ЖӘНЕ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті

Ары қарай оқу >>

Ө.А. Жолдасбековтың 90 жыл толуына арналған "Жас ғалымдардың инновациялық жобалары" конкурсына қатысуға шақыру

12.01.2021

Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты студенттерді, магистранттарды және докторанттарды академик Ө.А. Жолдасбековтың 90 жыл толуына арналған «Жас ғалымдардың инновациялық жобалары» байқауына қатысуға шақырады

Ары қарай оқу >>

Механика кафедрасының доценті Джамалов Нутпулла Камаловичті «Иінтіректі көтергіш» өнертабысы үшін Қазақстан Республикасының No 34823 патентін алуымен құттықтаймыз!

08.01.2021

Өнертабыс машина жасау саласына, атап айтқанда машина жасаудың көтеру – тасымалдау саласына қатысты және оны құрылыс, жөндеу және монтаждау, профилактикалық, жүккөтеру және басқа да жұмыс түрлері үшін қолдануға болады. Өнертабыстың мақсаты қонструкцияны жеңілдету, көтергіштің орнықтылығын арттыру болып табылады

Ары қарай оқу >>

Доцент Н.К.Джамалов білім және ғылым министрлігінің алғысына ие болды

05.01.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика – математика факультеті Механика кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Нутпулла Қамалұлы Джамалов Қазақстан Республикасының тәелсіздік күніне орай Отандық ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың Алғысына ие болды

Ары қарай оқу >>

Профессор Г. Б. Шерьязданов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дамуындағы ерен еңбегі үшін "EREN ENBEGI USHIN" медалімен марапатталды

28.12.2020

115 ғылыми жұмыстың, оның ішінде 1 монографияның авторы, 1 оқулық және 9 оқу құралы. 6 ғылым кандидатын және 10 механика магистрлерін дайындады.

ҚР БҒМ "ЖОО үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының (2007) және ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның (2010-2012 жж.) иегері болып табылады

Ары қарай оқу >>

«Жаратылыстану ғылымының математикалық мәселелері. Кері және қате тапсырмалар» қалалық ғылыми семинары

26.12.2020

Баяндамашы:

Жұмабай Мәдібайұлы-PhD докторант, 6D060300- "Механика" мамандығы»

Тақырыбы: "Механикалық жүйелердің ақауларын анықтау". Жұмыста серпімді жұқа бұралған өзектер мен олардың қосылыстарының әртүрлі модельдері келтірілген. Сондай-ақ, жұқа объект бір өлшемді объектіге тартылған кезде нәтижелер келтіріледі.

Ары қарай оқу >>

Қалтаев А.Ж. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін дамыту жолдағы еңбегі үшін» әл- Фараби күміс медалімен марапатталды

21.12.2020

18.12.2020 механика-математика факультеті механика кафедрасының профессоры, ф.м.-ғ.д. белгілі ғалым Айдархан Жүсіпбекұлы Қалтаевтың 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметіне 45 жыл толуына орай өткен «Қолданбалы математика және механика» атты ғылыми халықаралық конференциясы өтті және мерейтой иесін «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін дамыту жолдағы еңбегі үшін» әл-Фараби күміс медалімен марапаттады

Ары қарай оқу >>