Механика кафедрасына кітаптар сыйға тартылды

15.02.2021

Көрулер: 1614

ШЖҚ РМК "Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты" әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасына Академик Ө.А. Жолдасбековтың «Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика есептер жинағы. Оқу құралы. - Алматы. «Ғылым» баспа орталығы, 2003. - 394 бет» атты оқулығын сыйға тартты. Жалпы құны 67840 теңге, 64 дана.

Бұл көмек механика кафедрасының кітап қорын толықтыруға, яғни кітаппен қамтамасыз етуге бағытталды. Кітаппен қамтамасыз ету- университеттегі оқу процесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылды.

Кітап теориялық механиканы оқитын студенттерге арналған және механика саласындағы мамандарға да пайдалы болары сөзсіз.

Институттың Бас директоры А.К.Тулешовке механика кафедрасын кітаппен қамтамасыз етуге өтеусіз көмегі үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.