Беляев Ержан Келесұлы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Postdoc-2020» грантының иегері!

27.01.2021

Көрулер: 1681

PhD докторы, механика кафедрасының доценті Беляев Ержан Келесұлы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасының алғашқы постдокы атанды.

Постдокторант (постдок) - постдокторантураға түскен адам. Постдокторантура - бұл жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бір түрі, PhD дәрежесі бар ғалымның арнайы тақырып бойынша орындайтын, ғылыми-қолданбалы мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу іс-шараларының кешені болып табылады. Әлемдік тәжірибеде постдокторантура институты жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлаудың тиімді формаларының бірі болып табылады және ғылымның негізгі қозғаушысы болып саналады. Жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін ҚазҰУ-дың докторантурадан кейінгі бағдарламасы Ержан Келесұлына өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізуге, оларды эксперименттік жобалау жұмыстарында және әлемнің жоғары деңгейлі ғылыми басылымдарында жариялауға мүмкіндік береді.

Ержан Келесұлына шығармашылық табыс тілейміз!

https://www.kaznu.kz/ru/19427/page/

https://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder19427/%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%20%20%D0%BE%20%D0%BF%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B4%D0%BE%D0%BA.pdf

Туралина Д.Е.

Механика кафедрасы