Дөңгелек үстел

11.12.2018

Көрулер: 2374

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Алматыдағы БҰҰ, UNESCO, UNDP, UNAI бөлімшелерімен, БҰҰ Академиялық ықпал бағдарламасының мүшелерімен бірлесіп, 2018 жылғы 11 желтоқсанда өткізілген «БҰҰ Адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясының» 70 жылдығына арналған Дөңгелек үстелге шақырды.   

Дөңгелек үстел жұмысы G-Global халықаралық коммуникативтік алаңы арқылы жарыққа шығарылып, күндізгі сағат 10.30-12.30 аралығында онлайн тәртібінде қолжетімді болды.   

Күн тәртібінде - «БҰҰ Адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясы» қағидаттарын жүзеге асыру жөніндегі БҰҰ қызметінің өзекті мәселелері.   Қатысушылар БҰҰ-ның БҰҰ Академиялық ықпал, ЮНЕСКО және басқа   ұйымдарының  адам құқықтары мен қауіпсіздік мәселелерін шешудегі рөлі жөніндегі баяндамаларды тыңдалды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының директоры БҰҰ моделі - Жаңа жібек жолы сияқты Қазақстан жастар құрылымдарының Орталық және Оңтүстік Азиядағы бейбітшілікті нығайту және адам құқығын сақтау жөніндегі қызметін талданды. Қазақстан жоғары оқу орындарының ғалымдары және халықаралық ұйымдардың өкілдері аймақтық қауіпсіздік мәселелерін, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның БҰҰ қызметін қолдаудағы рөлін талқыға салды. 

Пікірталасқа ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Алматыдағы БҰҰ, UNESCO, UNDP, UNAI бөлімшелерінің басшылары мен өкілдері,  Қазақстан ЖОО жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысып, тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы соңғы үдерістер мен жетістіктерді, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі қызметін талқылады.  

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы; Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы; Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты, UNAI 

 

Өткізілген уақыты: 2018 жылғы 11 желтоқсан.

Өткізілген орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Әл-Фараби» Ғылыми кітапханасы.

Басталуы: 10.00, 409 аудитория, 4 қабат.

Байланыс ақпараты: 8 (727) 377 33 33 - 1942; +7 701 993 90 07

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, филол. ғ.д., профессор  Шыңғысова Н.Т.;

Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к., доцент м.а. Базарбаева Т.А.;

Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, х.ғ.к., доцент м.а. Минжанова Г.М.;

Пан Ги Мун ат. Тұрақты даму институты, проректор Абазов Р.Ф.

 

e-mail:   R.Abazov@yahoo.comNazgul.Shyngysova@kaznu.kz;