PR маманы Қуат Домбайдың «Журналистикадағы маркетингтік әдіс-тәсілдердің қолданылуы» тақырыбында шеберлік сыныбы

19.03.2018

Көрулер: 2313

ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ

19 наурызда белгілі PR маманы Қуат Домбайдың  «Журналистикадағы маркетингтік әдіс-тәсілдердің қолданылуы» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Қуат Домбай Қазақстан қаржыгерлері Ассоциациясының (ҚҚА) коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры, PR саласындағы тәжірибелі маман. Лондон менеджмент институтының түлегі, Қазақстанның еңбек сіңірген қаржыгері. «Пиар без Понтов» (қазақстандық бизнес бестселлер 2009 ж.), «Абырой Менеджмент: беделді басқару» (2013 ж.) кітаптарының авторы. «Алтын қалам» тәуелсіз әдеби сыйлығының авторы. 

Ұйымдастырушы: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы