көрнекті жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Журналистер академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері Әлібек Асқаровтың жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.

08.02.2018

Көрулер: 1866

Ақпар хат

 

Журналистика факультеті М.Сералин атындағы шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған ойларды жүзеге асыру мақсатында көрнекті жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Журналистер академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері Әлібек Асқаровтың жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.

          

«Фолиант» баспасынан жарық көрген бұл дестелер  «Көккөл», «Аспантау», «Шанағаты», «Шабанбай», «Қазығұрт», «Мұзтау» деп аталатын  бірнеше кітаптан тұрады. Шараға БАҚ жетекшілері,  белгілі көсемсөзгерлер, ақын-жазушылар қатысты.

 

Өткен орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультеті

Т. Қожакеев атындағы  мәжіліс залы (230 ауд.)

Күні: 09.02.2018 жыл

Уақыты: 11-00

Жауаптылар: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының аға оқытушысы М.Шаймаран

Байланыс телефоны: 8701 618 50 91

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының  аға  оқытушысы  Б.Әліқожа

Байланыс телефоны: 8702 740 55 90

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары А. Белгараева  8 (727) 221-13-51, 8 701 888 72 76