«Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа» атты III Халықаралық РR Күзгі мектеб

20.10.2017

Көрулер: 2246

Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа» атты III Халықаралық РR Күзгі мектебі өткізілді. Осыған орай, БАҚ өкілдерін ақпараттық қолдау көрсетті

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырған Жазғы мектепке АҚШ, Қырғызстан елдерінің бұқаралық коммуникация зерттеушілері, БАҚ жетекшілері, бас редакторлар, журналистер, PR мамандары қатысады.

Шара аясында шетелдік және қазақстандық журналистер, танымал PR мамандарының шеберлік сыныптары өткізілді.

Күзгі мектепте БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департаментінің басшысы Властемил Самек, Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің басшысы Сергей Карпов, Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов, ҚҚА коммуникация жөніндегі Басқарушы Директоры Қуат Домбай,Мінбер” журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медиаларды зерттеу тобының басшысы Асхат Еркімбай, «Kaspi Bank» АҚ баспасөз хатшысы Ербол Азанбек,танымал продюсер, тележүргізуші Салтанат Қалиева, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Әженова,  «Ұлан» газетінің Бас редакторы Жұлдыз Әбділда, блогер Нұрлан Жанай, «Кселл» АҚ PR-маманы Салтанат Бердіқұлова, Астана Банк PR-менеджері Әлия Боранбаева, «Эйр Астана» авиакомпания корпоративтік коммуникация департаментінің маманы Нәзира Қайымова және т.б. дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

III Халықаралық РR Күзгі мектебінің басты бағыттары:

 Сапалы білімге негізделген әділетті және бейбіт қоғам;

 Ақпаратқа қолжетімділік: сандық жүйені сауатты қолдану;

 Social Media Brand. Интернет имидж;

 Ақпаратты реттеу және БАҚ заңнамасы;

 PR трендтері 2017;

 Медиарилейшнз. Жаңа медианың мүмкіндігі;

 Дағдарыс жағдайындағы PR. Дағдарыс жағдайында коммуникацияны басқару.

 Редакция менеджменті мен маркетингін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері;

  Азаматтық журналистиканың пікір қалыптастырудағы рөлі;

Ақпараттық сайттарға контент дайындау тәсілдері т.б.

 

Өткізілетін күні: 19-20 қазан, 2017 жыл. Басталуы сағ. 10:00.

Өткізілетін орны:  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; Әл-Фараби Кітапханасы

Шараның ресми серіктестері:

Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кластерлік бюросы;

БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті;

БҰҰ-ның Академиялық тұрақты даму жаһандық ХАБ-ы;

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешені;

Әл-Фараби кітапханасы;

ЖШС «Қазақ газеттері»;

«Гүлзар» қоғамдық бірлестігі

Халықаралық «MediaNet» журналистика орталығы;

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ҚҚ;

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры;

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ.

«Гүлстан» журналы

Байланыс мәліметтері: 8 (727) 377 34 43; 8 (727) 221 13 44; 8 701 993 90 07

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі Назгүл Турсынбайқызы Шыңғысова

e-mail: Nazgul.Shyngysova@kaznu.kznazgul_71@mail.ru