Азат Еуропа/Азаттық радиосының Президенті Томас Кентпен кездесу

18.09.2017

Көрулер: 2465

Азат Еуропа/Азаттық радиосының Президенті Томас Кентпен кездесу

2017 жылдың18 қыркүйегінде сағат10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің Т.Қожакеев атындағы залында (ауд. №230) Азат Еуропа/Азаттық радиосының Президенті Томас Кентпен кездесу өтті.

Томас Кент - Associated Press ақпараттық агенттігінде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен біліктілігі жоғары, кәсіби маман. Кезінде Associated Press агенттігінің Мәскеудегі бюросының халықаралық жаңалықтар бөлімінің жетекшісі және басқарушы директор орынбасары қызметін атқарған. Т.Кент Пулитцер силығы әділ қазылар алқасының мүшесі болған. Журналистік этика мәселелерімен айналысады. Йель университетінің түлегі Томас Кент төрт шет тілін, соның ішінде орыс тілін де еркін меңгерген. Томас Кент дәрісінің тақырыбы: «Журналистиканың заманауи мәселелері және журналист этикасы».

Жауапты тұлға: Журналистика факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Қарлыға Мысаева.